Теңіз кен орнында жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс беру жүріп жатыр

Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орны – Теңізде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қызметкерлердің қатысуы ұйымдастырылды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 10:06 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орны – Теңізде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қызметкерлердің қатысуы ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта кен орнында бір вахтада әртүрлі мамандықтағы 10 мыңнан астам қызметкер еңбек етуде.

Барлық ниет білдірген азаматтардың дауыс беруіне мүмкіндік жасау үшін кен орны аумағында 6 орында 8 уақытша дауыс беру учаскесі ашылды. Қызметкерлер өздеріне ыңғайлы учаскені таңдап, өндірістік процестен қол үзбей дауыс бере алады.

Сонымен қатар, кен орнында қызметкерлерді сайлау учаскелеріне жеткізу үшін автобустар қатынап жатыр.

"Теңіз кен орнында референдум өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлау комиссияларымен бірлесіп кен орны аумағында уақытша дауыс беру учаскелері ұйымдастырылды, сондай-ақ оларға ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қарастырылды. Бұл қызметкерлерге белгіленген тәртіпке сәйкес дауыс беруге мүмкіндік береді", – деді "Теңізшевройл" ЖШС Жұртшылықпен және үкіметпен байланыс бөлімінің бас менеджері Нұрмұхамед Қартабаев.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызметкерлердің айтуынша, кен орнында дауыс бер үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

"Барлығы өте ыңғайлы ұйымдастырылған: учаскелер жұмыс аймақтарына жақын орналасқан, көлік бар. Әркім өзіне қолайлы уақытты таңдап, еркін дауыс бере алады. Бұл – ел үшін маңызды оқиға, және вахтада жүрсек те, оған қатыса алатынымыз қуантады", – деді "Теңізшевройл" ЖШС қызметкері Нұрсұлтан Ізбасқанов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: