Автожолда бақылау камераларын алдамақ болған қазақстандық көзге түсіп, қамауға алынды

Автожолда бақылау камераларын алдамақ болған қазақстандық көзге түсіп, қамауға алынды , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 14:47 Сурет: Жамбыл облысы ПД
"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының Жамбыл ауданы аумағында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары мемлекеттік тіркеу нөміріндегі әріптері қағазбен жабылған автокөлікті анықтады.

Жамбыл облысы ПД мәліметіне сүйенсек, тексеру нәтижесінде жүргізушінің Түркістан облысының тұрғыны екені белгілі болды. Ол жоғары жылдамдықпен жүру кезінде бейнебақылау камераларына түсіп қалмау үшін мемлекеттік нөмірін әдейі жапқанын мойындаған.

"Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалып, сондай-ақ бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: