Президент: Шын мәнінде жанашыр ұрпақ қана Қазақстанның көркеюіне үлес қоса алады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2026 14:10 Фото: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы жастар мен олардың ел болашағына қосатын үлесі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы атап өткендей, өңірде 700 мыңға жуық жас азамат тұрады, бұл облыс тұрғындарының үштен бірін құрайды.

"Киелі орданың тарихы терең болса, болашағы да сондай жарқын болады", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел жастарына зор үміт артатынын жеткізді.

"Елімізге жаны ашитын, яғни шын мәнінде жанашыр ұрпақ қана Қазақстанның көркеюіне мол үлес қоса алады. Келешек – отаншыл, жасампаз, жауапкершілігі мол жастардың қолында." Президент

Президенттің сөзінше, нағыз отаншыл азамат – ең алдымен өз жұмысын адал атқарып, еңбегімен қоғамға пайда әкелетін адам.

"Жалқау, еріншек адам ешқашан отаншыл бола алмайды. Қоғамға қажет нәрсе – нақты іс, бос сөз емес. Отаншылдық – елге адалдықты іспен көрсету", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: