Президент: Қазақстанды шын мәнінде Өркендеген және Озық ел ету үшін ауқымды әрі жүйелі жұмысты қолға алдық

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2026 14:41 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді дамыту бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыстар қолға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы қазіргі жаһандық бәсекенің күшейіп отырғанын атап өтіп, Қазақстанды шын мәнінде өркендеген әрі озық мемлекетке айналдыру басты мақсат екенін жеткізді.

"Қазір арқаны кеңге салатын заман емес. Біз нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты бастап кеттік", – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, бұл жұмыстар қазірдің өзінде нәтиже бере бастаған. Соңғы екі жылда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 6 пайыздан асқан. Былтыр елімізде 190 кәсіпорын ашылып, 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Ауыл шаруашылығы саласында да оң өзгерістер бар. 2025 жылы 250 өндіріс іске қосылып, салаға 1 триллион теңгеден астам субсидия бөлінген. Бұл – Тәуелсіздік тарихындағы ең жоғары қолдау. Сонымен бірге Президент ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, өнімнің құнын көбейту қажеттігін атап өтті.

Инфрақұрылымды дамыту бағытында да ірі жобалар жүзеге асырылуда. Биыл 222 су шаруашылығы нысаны салынып, жаңғыртылып жатыр. Елдегі 37 жылу электр станциясы жөнделуде, ал Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа станциялар салу жоспарланған. Сондай-ақ 440 қосалқы станция мен 17 мың шақырымнан астам электр желісі жаңартылады.

Көлік саласында да рекордтық көрсеткіштер тіркелген. Былтыр 1500 шақырым теміржол салынып, жөнделсе, биыл 3700 шақырымнан астам жаңа теміржол желісі іске қосылады. Автожолдар бойынша өткен жылы 13 мың шақырым жол жөнделіп, оның 3 мыңы жергілікті маңыздағы жолдар болды. Биыл тағы 2300 шақырым жол жаңғыртылып, алдағы үш жылда 32 мың шақырым жол нормативтік талапқа сай жөнделмек.

Президент жол сапасының ел экономикасы мен халықтың тұрмыс деңгейіне тікелей әсер ететінін атап өтті. "Сапалы жол болса, жұрт кәсібін дамытып, өмір сапасын жақсарта алады", – деді ол.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция елдің жаңа жетістіктерге жетуіне жол ашатынын айтып, алдағы мақсаттарға сенім білдірді.

"Біз бұдан да биік белестерді бағындыруымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: