Наурызда 300 ірі көлемді ағаш: Алматыда көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Алматыда Наурыз мейрамы аясында ауқымды ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2026 16:16 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Наурыз мейрамы аясында ауқымды ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Жастар, қоғамдық бірлестік өкілдері және қала тұрғындары Алатау ауданында биіктігі 6 метрден асатын 300-ден астам ірі жапырақты ағаш екті.

Алматы әкімі бұл науқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында өтіп жатқанын атап өтті. Бұл бастама экологиялық мәдениетті дамытуға және табиғатқа жанашырлықпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы, қалада көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Биыл 550 мыңға жуық жасыл желек егу жоспарланған. Оның ішінде 7 мың ірі көлемді ағаш, 40 мың көшет және 500 мың бұта бар.

Сонымен қатар, сәндік-гүлдік көгалдандыру аумақтары ұлғайып, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді көркейту жұмыстары жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: