Курчатовта жүргізуші куәлігі жоқ мас әйел тұрақта тұрған көлікті соқты
Сурет: Zakon.kz
Курчатов қаласында жүргізуші куәлігі жоқ әйелдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанды, ол алкогольдік мас күйде күйеуіне тиесілі автокөліктің рөліне отырып, тұрақта тұрған көліктерді соққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апатынан кейін қатысушылар медициналық мекемеге сараптамаға жеткізілді. Тексеру нәтижесі әйелдің орташа деңгейде мас болғанын көрсетті.
Полиция анықтағандай, автокөлік иесі – әйелдің күйеуі де мас болған және көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамға берген.
Екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Абай облысының полиция департаментінде мас күйде көлік жүргізу, сондай-ақ рөлді жүргізуші куәлігі жоқ адамға беру өрескел құқық бұзушылық екенін және ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript