Ақтау студенттері ЖИ дағдыларын меңгеріп жатыр
Фото: pixabay
Ақтауда 90 студент білім, өндіріс және ІТ салаға жасанды интеллект енгізу дағдыларын меңгеріп жатыр.
Ғылыми-инновациялық оқу былтыр қолданысқа берілген технопаркте өткізіледі, деп жазады qazaqstan.tv.
Болашақ мамандар мұнда киберқауіпсіздік, блокчейн, мобильді қосымша жасаудың қыр-сырын үйреніп, веб-сайтқа код жазуды қолға алған.
Жасанды интелектке баулу "01 Edu" бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Айта кететін жәйт, аймақта ІТ мамандарына сұраныс жоғары.
Сондықтан өндіріс пен әлеуметтік саланы цифрландыруға үлес қосу үшін аталған студенттер арнайы оқытылып жатыр.
"01еду жүйесі peer-to-peer әдістемесіне негізделген жасанды интеллект мектебі. Бұл мектепте біздің студенттердің ешқандай мұғалімі болмайды. Олар 01 еду деп аталатын цифрлық платформада өз бетінше білім алады. Қазіргі таңда жасанды интеллект және аити мамандары өте сұранысқа ие болғандықтан бұл өте актуалды мамандардың бірі деп айтсақ болады." Зарина Абдуали, бағдарламалау тәлімгері
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript