Полиция интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 15:34 Фото: freepik
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, интернет-алаяқтар мессенджерлер мен SMS арқылы "өткізіп алған жеткізілім" туралы жалған хабарламаларды жаппай таратуда.

Алғаш қарағанда мұндай хабарламалар зиянсыз болып көрінеді және курьерлік қызметтердің стандартты ескертулеріне ұқсайды.

Хабарламада курьердің сәлемдемені жеткізе алмағаны және жеткізілімді қайта рәсімдеу үшін сілтеме арқылы өту қажет екені көрсетіледі.

Алайда көрсетілген сілтеме пайдаланушыны логистикалық компаниялардың ресми сайттарына ұқсатып жасалған жалған интернет-ресурстарға бағыттайды.

Мұндай сайттарда азаматтардан жеке мәліметтерін (аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы), сондай-ақ жеткізілімді қайта рәсімдеу үшін аз көлемде төлем жасау талап етіледі. Аталған мәліметтерді енгізіп, төлем жасағаннан кейін қаскөйлер азаматтардың құпия және банк деректеріне қол жеткізеді.

Бұл қаржылық шығындарға ғана емес, дербес деректердің кейіннен заңсыз мақсатта пайдаланылуына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:

  • егер сіз ешқандай жеткізіп беруді күтпесеңіз, күмәнді хабарламадағы сілтемелерге өтпеңіз;
  • сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз — алаяқтық ресурстар көбіне бір-екі таңбамен ғана ерекшеленеді;
  • күмәнді сайттарға жеке және банк деректерін енгізбеңіз;
  • жеткізіп беру мәртебесін тек ресми сайттар мен қосымшалар арқылы тексеріңіз;
  • күмәнді хабарламаларды елемей, бұғаттаңыз.

Цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау — қаржылық шығындар мен жеке деректердің таралуынан қорғанудың ең тиімді жолы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: