Жүргізуші куәлігін алдын ала ауыстыру: шетелге шығатын қазақстандықтарға маңызды ақпарат

Водительское удостоверение, водительские права , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 16:04 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібі туралы ақпаратты "Zakon.kz" сайтына "Мемлекеттік қызмет көрсету" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық тұрғын мамандарға сұрақ қойып, өзінің жүргізуші куәлігінің мерзімі әлі аяқталмағанын (бір жыл қалғанын) атап өтті.

"Бірақ жақында шетелге шығатын сапарға байланысты оны алдын ала ауыстырғым келеді. Арнайы ХҚКО-на міндетті түрде бару керек пе?" – деп сұрады азамат.

Мемлекеттік корпорацияның жауабында ХҚКО-на міндетті түрде бару қажет еместігі айтылды:

"Куәліктің әрекет ету мерзімі өз күшінде болса, оны электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде онлайн түрде ауыстыруға болады".

Сонымен қатар, куәлікті уақытында ауыстырған жағдайда 073/у формасындағы медициналық анықтама қажет еместігі көрсетілген.

Айта кетейік, 20 наурызда Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға амнистия жариялауды және олардың құқықтарын айырудың максималды мерзімін қысқартуды ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: