"Тауарларға арналған декларация" функционалы ҚР МКК тарапынан кезең-кезеңімен іске қосылады

Ноутбук, работа за ноутбуком, дистанционная работа, работа на ноутбуке, удаленная работа, фриланс, цифровые документы, интернет, сеть, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 16:43 Фото: pexels
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) KEDEN ақпараттық жүйесінде "Тауарларға арналған декларация" (ТД) функционалын 2026 жылғы 28 наурыздан бастап кезең-кезеңімен іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

МКК мәліметінше, 2025 жылғы қараша айынан бастап Комитет жүйе пайдаланушыларымен бірлесіп ТД функционалын тестілеуді жүргізуде.

Қазіргі уақытта "KEDEN" ақпараттық жүйесінің өндірістік ортасында 5 737 пайдаланушы тіркелген, 3 200-ден астам ТД бойынша тауарларды декларациялау процесі тестіленді.

Бірлескен тестілеу кезеңінде офлайн және онлайн форматта 1 500-ден астам кеден өкілдері мен декларациялаушылар оқытылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 500-ден астам ескерту жойылып, 69 ұсыныс қабылданды.

2026 жылғы 28 наурыздан бастап "Тауарларға арналған декларация" (ТД) функционалын кезең-кезеңімен іске қосу жоспарлануда.

Бұл ретте "KEDEN" ақпараттық жүйесінде ТД қолдану арқылы кедендік декларациялаудың толық циклі 2026 жылғы 10 сәуірден бастап жүзеге асырылатын болады.

ТД беру және шығару рәсімдерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушыларға алдын ала "KEDEN" ақпараттық жүйесінің өндірістік нұсқасында (https://keden.kgd.gov.kz/) тіркеліп, тиісті функционалдың жұмысымен танысу ұсынылады.

Қажетті барлық ақпарат (пайдаланушы нұсқаулығы, ТД толтыру бойынша бейнесабақтар) "KEDEN" порталында (https://keden.kgd.gov.kz/, "Көмек" бөлімі) орналастырылған.

ТД функционалы толық іске қосылғанға дейін өндірістік ортада тестілеу жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: