Алматыда сыртқы жарнаманы орналастыру талаптарын өзгерту ұсынылуда

Алматы, весна в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2026 09:17 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы қала аумағында ғимараттардан тыс ашық кеңістікте орналастырылатын сыртқы (визуалды) жарнама объектілеріне қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу жөніндегі қағидалар жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба Президенттің қолайлы, қауіпсіз және эстетикалық тұрғыдан тартымды қалалық ортаны қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ "Алматы – ешқашан ұйықтамайтын қала" тұжырымдамасын одан әрі дамыту аясында әзірленген.

Құжат тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауды және кәсіпкерлік субъектілердің тәулік бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді көздейді.

Заманауи мегаполистердің даму үрдістері қалалық инфрақұрылым сапасын арттыруды, сәулеттік ортаның визуалдық үйлесімділігін қамтамасыз етуді, бірыңғай дизайн-кодты қалыптастыруды, сондай-ақ тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы жағдай жасауды талап етеді.

Осыған байланысты әзірлеушілер қолданыстағы талаптарды тұрақты қалалық даму міндеттеріне сәйкестендіру үшін нормативтік реттеуді жетілдіру қажеттігін атап өтеді.

Ұсынылып отырған өзгерістер:

  • қалалық инфрақұрылым объектілеріне қойылатын талаптарды жүйелеуге;
  • қаланың сәулеттік келбетінің эстетикалық тұтастығын қамтамасыз етуге;
  • шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасауға;
  • қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға;

Алматының қарқынды дамып келе жатқан мегаполис ретіндегі заманауи әрі танымал имиджін қалыптастыруға бағытталған.

Түсіндірме жазбада атап өтілгендей, аталған өзгерістерді қабылдау осы саланы реттеудің жүйелі тәсілін қамтамасыз етіп, қалалық ортаның сапасын арттыруға және қаланың тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жоба 2026 жылғы 10 сәуірге дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: