Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек чектеріне пациенттің ЖСН-ін енгізу ұсынылды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес бақылау-кассалық машина (БКМ) чегінің мазмұнына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, медициналық қызметтер көрсету және дәрі-дәрмек сатып алу бойынша төлем құжаттарында пациенттің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетуге арналған міндетті өріс енгізу ұсынылған.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл жаңашылдық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, чектерде пациенттің ЖСН-ін көрсету есеп айырысулардың ашықтығын арттырып, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға ықпал етеді.
Аталған құжат "Ашық НҚА" порталында 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға орналастырылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript