Астанадағы сауда орталығында жастар жаппай төбелесті

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2026 16:06 Фото: polisia.kz
26 наурыз күні Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде жастард жаппай төбелесті. Полиция жанжалға қатысы барлардың жеке басын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде жастардың төбелескені түсірілген видео тарады.

"Куәгерлердің айтуынша, "Көктал" сауда орталығында бір топ жігіт шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзып, төбелескен. Жанжал көп ұзамай келушілердің назарын аударып, ғимарат ішінде болған адамдардың алаңдаушылығын тудырды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен оқиғаның себептері нақтыланып жатыр", – делінген хабарламада.

Астана полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жаппай төбелеске қатысқандардың барлығы анықталғанын мәлімдеді.

"Қатысушылардың барлығы, олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады ведомство.

Полиция ата-аналарға балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың бос уақытын бақылауды, сондай-ақ қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндіруді ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: