Жезқазған – Қарағанды тас жолында есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасы жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханның айтуынша, Жезқазған – Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталды. Күдіктілер маршрутты бақылаған.
Көлікті тексеру кезінде 13 пакет тәркіленді. Онда 300 келіден астам марихуана болған. Алдын ала мәліметке сәйкес тәркіленген есірткі миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны үш миллион АҚШ долларына жетеді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Ішкі істер министрлігі есірткіні өндіру мен тарату бойынша кез келген заңсыз әрекеттің жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді Данияр Мейірхан.
Бұған дейін Түркістан облысында суға батып кеткен сегіз жастағы бала табылмай жатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript