Түркістан облысындағы автожуу орнында болған кісі өлтіргендерге сот үкім шықты
Фото: pixabay
Тергеу органы сотталушы О.-ға ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 9-тармағы, 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1,7,9-тармақтары, ал сотталушы Қ. ҚК-нің 28-бабы 2-бөлігі, 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1,7,9-тармақтары және 293-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша айып таққан.
"2025 жылдың 29 қазанда Төлеби ауданы Зағамбар ауылындағы көлік жуу орнында сотталушы О. болмашы себеппен жәбірленуші С.-ны ұрып-соғып, кейін жәбірленуші С.-ның шақыруы бойынша оқиға болған жерге келген жәбірленушілер А.мен М.-да құқыққа қарсы қылмыстық әрекеттер жасаған. Салдарынан алған дене жарақаттары салдарынан, жәбірленуші М. оқиға болған жерде қайтыс болған", – делінген хабарламада.
Сотталушы О. одан әрі қылмыстық ойын жалғастыра отырып, жәбірленуші С.-ға бірнеше рет жарақаттар салып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Сотталушы Қ. сотталушы О.-ның әрекетіне кедергі келтірмей, қылмыс жасауына ықпал еткен.
Прокурор сотталушыларға 15 жылдан аса мерзімдерге бас бостандығынан айыруды сұрады.
"Сотта сотталушы О. кінәсін ішінара мойындап, жеңіл жаза тағайындауды, ал сотталушы Қ. бұзақылық ниетпен жасалған кінәсін мойындап ол бойынша жеңіл жаза тағайындауды, ал қалған баптар бойынша кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады", – деп хабарлады Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты.
Жәбірленушілер мен олардың заңды өкілі, сотталушыларды кешірмейтінін, оларға қатаң жаза тағайындауды талап етті.
2026 жылғы 30 наурызда сот үкімімен О. кінәлі деп танылып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 20 жыл мерзімге; Қ.15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушылардан жәбірленуші мен оның заңды өкіліне жалпы 25 млн. теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.