Елімізде соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді

Дети, ребенок, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 09:23 Фото: pexels
Қазақстанда 21 мыңнан астам балаға аутизм диагнозы қойылған. Өкінішке қарай, бұл дертке шалдыққандар соңғы 5 жылда 5 есе көбейген.

Аутистік спектордағы кінәраттың себептері әлі күнге толық анықталмай келеді.

Бұл медициналық диагноз ғана емес, баланың дамуына, қарым-қатынас жасауына және қоғамға бейімделуіне әсер ететін күрделі жағдай, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан 2 сәуір дүние жүзінде аутизм туралы ақпарат тарату күні болып бекітілген.

Аутизм – ауру емес, даму ерекшелігі. Оны ерте бастан анықтап, түзету маңызды. Аутизммен бетпе-бет келген көп отбасы қиындықпен жалғыз күреседі, бұл дұрыс емес, дейді мамандар.

Әлемде әр 100 баланың біреуі аутизм диагнозымен өмірге келеді. Қазақстанда 21 мыңнан астам бала тіркеуде тұр. Мамандардың айтуынша, диагнозды дөп басқанның арқасында баланың бойындағы кінәратты ерте анықтауға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: