Алматыдағы крематорийдің ашылу мерзімі белгілі болды

Крематорий, кремация, кремирование, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 16:40 Фото: Zakon.kz
Алматыда крематорий қызметінің іске қосылуы үнемі кейінге шегеріліп келеді. Биылғы қаңтар айында жобаның дайын екені туралы хабарланған болатын. Алайда, әлі күнге іске қосылмады. Zakon.kz жерлеу қызметінің бұл түрі жайлы соңғы жаңалықтарды сұрап білді.

Қала әкімдігінің түсіндірмесі

Алматы әкімдігі крематорийді іске қосу жұмыстары аясында қажетті құжаттар топтамасын ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне келісімге жолданғанын мәлімдеді.

"Қорытындыны 3 сәуірде алу күтілуде. Крематорийдің жұмысын қамтамасыз ету үшін "Қалалық патологоанатомиялық бюро" ішкі құжаттарын әзірлеген, оған қызмет бағалары мен жұмыс тәртібі кіреді. Бұл құжаттар кәсіпорынның қызмет түрін кеңейтуден кейін бекітіледі. Заңға сәйкес, кремация тек марқұмның өз еркі бойынша жасалуы мүмкін",- деп мәлімдеді әкімдік

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №48 бұйрығы "Кәдімгі жерлеу ережелерін және қабір күтімі бойынша ұйымдық жұмыстарды бекіту" кремацияға рұқсат етілген адамдар тізбесін анықтайды – тек қана марқұмның еркі бойынша.

"2026 жылғы 9 қаңтардағы өзгерістерге байланысты Алматы қаласында жерлеу және қабір күтімі ережелерінің жобасы әзірленді. Жоба 12 ақпанда жарияланып, 27 ақпанда қоғамдық талқылау қорытындыланды. Қазір ол Әділет министрлігінде мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сараптама оң болса, жоба қалалық мәслихатта қаралады". Алматы әкімдігі

Қысқасы, нақты ашылу күні әлі айтылған жоқ, бірақ билік оны 2026 жылғы сәуірдің үшінші онкүндігіне жоспарлап отыр.

Ашылу тарихы

Алматыда крематорий салу туралы шешім 2020 жылы қабылданған. Артынша пандемия басталды, бұл тек жоспарды күшейтті: енді крематорий тек денелерді емес, қауіпті медициналық қалдықтарды да өртеуге арналған.

Құрылыс 2021 жылы желтоқсанда аяқталған, бірақ сыртқы инженерлік желілер, оның ішінде газ желісін тарту жұмыстары біткен жоқ. Сондықтан ашылу бірнеше рет кейінге шегерілді.

Белгілі болғандай 2025 жылдың соңына қарай қаладағы 70 зираттың тек 9-ы жұмыс істейді. Қалғандары жабық. Барлық бос жерлер алдағы 6-7 жылға жетеді. Крематорийдің ашылуы – осындай баламалардың бірі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: