Қазақстан Үкіметі ҚР Конституциясын түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті
Фото: akorda.kz
Құжат негізгі заңның негізгі нормаларын түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және Конституциядан туындайтын заңнамалық шараларды жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыс ұйымдастыруға арналған.
Іс-шаралар жоспары үш бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды: ұйымдастырушылық шаралар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және Конституцияны іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету.
Ұйымдастырушылық шаралар аясында:
- Конституция мәтінін басып шығару және тарату, оның ішінде мүгедектерге арналған бейімделген форматтарда;
- Конституцияны электрондық платформаларға орналастыру;
- Ғылыми-эксперттік сүйемелдеу, ақпараттық-көрнекі материалдарды әзірлеу, тақырыптық өнім шығару, көрме және ағарту жобаларын жүзеге асыру.
- Құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында:
- Оқу семинарлары мен білім беру іс-шараларын өткізу;
- Мектеп және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын жаңарту;
"Конституция негіздері" және "Заң және тәртіп" оқу курстарын әзірлеу, әдістемелік құралдар мен балаларға арналған басылымдарды шығару.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары:
- Іс-шаралар тізбегін қалыптастыру және кешенді медиажоспар әзірлеу.
- Құқықтық қамтамасыз ету шаралары:
- Конституцияны іске асыру үшін заңнамалық шараларды орындау;
- Қолданыстағы заңнаманы талдау;
- Стратегиялар мен концепцияларды негізгі заң нормаларын ескере отырып өзектендіру.
Үкіметтің хабарлауынша, бұл Жоспар Конституцияның барлық нормаларын халық арасында кеңінен түсіндіруді және жаңартылған негізгі заңның нормаларын толық іске асыруды қамтамасыз етеді.
Еске салайық, 2026 жылғы 26 наурыздағы Президент Әкімшілігі басшысының бұйрығымен "2026 жылғы 15 наурызда қабылданған ҚР Конституциясын жүзеге асыру шаралары туралы" Президент Жарлығын орындау бойынша бақылауды бекіту рәсімі қабылданған.