Қазақстанда қар жауып, ауа температурасы күрт төмендейді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" мамандары Қазақстан бойынша 2026 жылдың 7, 8 және 9 сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, елдегі ауа райы кенеттен нашарлайды.
"Қазақстанның көп бөлігінде көктемге тән тұрақсыз ауа райы байқалады: жауын-шашын болады, солтүстік пен солтүстік-батыста – жаңбыр мен қар, батыс пен оңтүстікте – кейде нөсер жаңбыр, солтүстікте – жауын-шашын. Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, батыс пен оңтүстікте – бұршақ, дауылды жел күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Болжамға сәйкес, тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
"Елдің солтүстік және солтүстік-батысында күндізгі ауа температурасы +3…+15°С дейін төмендейді", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда -5°С дейінгі аяздың қайтып келетінін ескерткен еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript