Никаб, бурка, медициналық маска: Қазақстанда бетті жабатын киімдерді киюге тыйым салынды

Никаб, бурка, медициналық маска: Қазақстанда бетті жабатын киімдерді киюге тыйым салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2026 17:46 Сурет: pixabay
Қазақстанда қоғамдық орындарда бетті толығымен жабатын киімді киюге қатысты заңнамадағы өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 6 сәуірде Абай облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полицейлер тыйым адамның визуалды түрде танылуына кедергі келтіретін киім түрлеріне қатысты екенін айтты. Атап айтқанда:

  • никаб,
  • бурка,
  • балаклава,
  • медициналық маскалар (медициналық көрсетілімдерсіз),
  • басқа да бетті жабатын құралдар.
"Мұндай киімдер бейнебақылау жүйелеріне және бет-әлпетті тану технологияларына адамның тұлғасын анықтауға кедергі келтіреді. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашуды қиындатады. Кейбір жағдайларда қаскөйлер бетін жабатын киімді қасақана пайдаланып, ұрлық, тонау, алаяқтық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер жасайды",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, егер адамның жүзі ашық күйде болса, дәстүрлі, діни немесе ұлттық киімдерге тыйым салынбайтындығы атап өтілді.

Заңнамада бетті жабуға мынадай жағдайларда рұқсат беріледі:

  • медициналық көрсетілімдер бойынша,
  • суық мезгілде,
  • қызметтік міндеттерді орындау кезінде,
  • спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде.

Абай облысы Полиция департаменті тұрғындар арасында жаңа заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полиция қызметкерлері азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын атқаруда.

Бұған дейін Ақтөбеде тұрғын үй құрылысына берілген жер сот арқылы мемлекетке қайтарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: