Қазақстанда кокс пен карбамид өндіретін үш жаңа зауыт салынады
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көмірді қайта өңдеу саласын дамыту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, көмір өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыттарының бірі – көмір химиясын дамыту.
"Қазіргі уақытта көмір химиясы саласында үш жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бірі – Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыт құрылысы. Жобаның құны – 132 млн доллар. Сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарында көмірден дизель отынын өндіретін екі жоба жоспарланған. Әрқайсысының қуаты – жылына 100 мың тонна. Жобалардың құны тиісінше 63 млн және 65 млн долларды құрайды. Бұл жобалар 1160 және 1250 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", – деді министр.
Оның сөзінше, бұдан бөлек тағы үш жоба пысықталу кезеңінде:
- Қарағанды облысында кокс-химия өндірісі (таскөмір шайырын жылына 200 мың тоннаға дейін өңдеу, бензол өндіру – жылына 35 мың тоннаға дейін, кокстық газды тазарту – сағатына 145 мың м³, ағын суларды биохимиялық тазарту – сағатына 250 м³);
- Абай облысында жылына 300 мың тонна аммиак және 300 мың тонна карбамид өндіру;
- көмірден жылына 2 млрд м³ газ өндіру жобасы (орналасатын жері нақтылануда).
Бұған дейін Қазақстанда көмір мен темір рудасын өндіру көлемін арттыру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript