Қазақстанда көмір химиясын дамытудағы қиындықтар айтылды

СЭЗ, специальная экономическая зона, свободная экономическая зона, производство, завод, заводы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 14:04 Фото: freepik
2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында елімізде көмір химиясын дамытуға кедергі келтіретін негізгі факторларды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, көмір өнеркәсібі ел экономикасы үшін стратегиялық маңызын сақтап отыр. Ол энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыруға ықпал етеді.

"Қазақстанның мол көмір қоры көмір химиясы саласында жаңа өндірістер ашуға мүмкіндік береді. Алайда бұл бағытты дамыту бірқатар қиындықтармен қатар жүреді. Атап айтқанда, жобалардың жоғары капитал сыйымдылығы мен технологиялық күрделілігі, заманауи технологияларды енгізу тәжірибесінің шектеулі болуы, кадрлық әлеуетті дамыту қажеттілігі және нормативтік-құқықтық базаның әлі толық қалыптаспауы", – деді Ерлан Ақкенженов.

Сонымен қатар, бұл саланы дамыту экономикаға бірқатар оң әсер береді:

  • мұнай өнімдеріне импортқа тәуелділікті азайту;
  • жаңа жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірлік экономиканы дамыту;
  • терең өңделген өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру;
  • көмір саласының қосылған құнын ұлғайту;
  • көмір өндіру көлемі мен экспортты арттыру.

Министрдің сөзінше, алдағы уақытта саланы дамыту көмірді терең өңдеуді ұлғайтуға, инвестициялар тартуға, өндірісті технологиялық жаңғыртуға және көмір химиясы бағытын дамытуға байланысты болады.

Бұған дейін Қазақстанда кокс пен карбамид өндіретін үш жаңа зауыт салу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: