Жаңбыр, найзағай және қар: 8–10 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay
Алматы мен Шымкентте жаңбыр мен найзағай күтілсе, Астана тұрғындарына тіпті қар жаууы мүмкін деді.
Астана:
8 сәуір: құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, күндіз найзағай. Жел екпіні 15 м/с дейін. Ауа температурасы: түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C.
9 сәуір: құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Жел 9–14 м/с. Температура: түнде +6…+8°C, күндіз +13…+15°C.
10 сәуір: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Күндіз әлсіз жел. Температура: түнде +1…+3°C, күндіз +8…+10°C.
Алматы:
8 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 13 м/с дейін. Температура: түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C.
9 сәуір: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел екпіні 15–18 м/с. Температура: түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.
10 сәуір: құбылмалы бұлтты, түнде өткінші жаңбыр, найзағай. Жел екпіні 15 м/с дейін. Температура: түнде +8…+10°C, күндіз +17…+19°C.
Шымкент:
8 сәуір: құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, дауыл. Жел екпіні 20 м/с дейін. Температура: түнде +10…+12°C, күндіз +15…+17°C.
9 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Температура: түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.
10 сәуір: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 13 м/с дейін. Температура: түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.