Қазақстан президенті Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті құттықтады
Фото: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 9 сәуірде, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия чемпионатының жеңімпаздары атанған Дина Исламбекова мен Надежда Рябецке құттықтау жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың Telegram-каналынан белгілі болды:
"Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады. Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті. Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді".
Еске салайық, бұрын хабарланғандай, Надежда Рябец Қазақстанға 2026 жылғы Азия чемпионатының алғашқы "алтын" медалін алып келсе, кейін екінші "алтынды" Дина Исламбекова жеңіп алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript