Алматыдағы "Эмиль" дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Дүйсенов көшесінде орналасқан «Эмиль» кафесіне заңсыз салынған қосалқы нысанның бұзылып жатқанын хабарлады. Сот шешімімен аталған нысан заңсыз деп танылған.  Бұған дейін меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша іс материалдары Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Соның негізінде әкімшілік шаралар қабылданған.  Сот қаулысына сәйкес, меншік иесі кафеге заңсыз тұрғызылған екі қабатты қосалқы құрылысты бұзуға міндеттеліп, қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  Алматы қалалық сотының биылғы 8 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.  Нысанды бұзу жұмыстары бүгін қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2026 16:56 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы Дүйсенов көшесіндегі "Эмиль" кафесіне заңсыз салынған қосалқы нысанның бұзылып жатқанын хабарлады.

Сот шешімімен аталған нысан заңсыз деп танылған.

Бұған дейін меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша іс материалдары Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Соның негізінде әкімшілік шаралар қабылданған.

Сот қаулысына сәйкес, меншік иесі кафеге заңсыз тұрғызылған екі қабатты қосалқы құрылысты бұзуға міндеттеліп, қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алматы қалалық сотының биылғы 8 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Нысанды бұзу жұмыстары бүгін қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: