Қазақстанда борышкерлердің шоттарындағы тыйымдар ішінара алынады
Фото: pexels
2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі азаматтардың бұғатталған банктік шоттарына қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, елде борышкерлердің шоттарындағы тыйымды алып тастауға бағытталған акция басталған.
"Әділет министрлігі Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесіп 2026 жылғы 6–30 сәуір аралығында жекелеген әлеуметтік төлемдер түсетін шоттардағы тыйымды алу акциясын өткізуде", – делінген хабарламада.
Атап айтқанда, тыйым келесі төлемдер түсетін шоттардан алынады:
- жалақы;
- алименттер;
- зейнетақы төлемдері;
- мемлекеттік жәрдемақылар.
Ол үшін азаматтар Adilet.gov мобильді қосымшасы арқылы тіркеліп, жеке сот орындаушысына шоттағы тыйымды алу туралы өтініш бере алады.
Ведомствоның мәліметінше, тыйым тек растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда ғана алынады. Мысалы, жалақы түсетін шот екенін растайтын жұмыс орнынан анықтама, зейнетақы шоты екені туралы мемлекеттік органдардың анықтамасы және басқа да құжаттар қажет.
Сонымен қатар, Әділет министрлігі тыйымның алынуы азаматтарды атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерден (қарыз, айыппұл және т.б.) босатпайтынын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript