Қазақстанда қолданбалы ғылымды дамытуға басымдық берілмек

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 13:15 Фото: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданбалы ғылымды дамыту ел болашағы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары бұл бағыттағы жобалардың саны артып, оң үрдіс қалыптасқан. Сондай-ақ университеттердің технологиялық даму орталығы ретінде қалыптасуы маңызды жетістік екенін айтты.

Мемлекет басшысы мысал ретінде былтыр University Medical Center-ге қарасты Жүрек орталығының дәрігерлері әзірлеген ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) атты инновациялық медициналық құрылғыны атап өтті.

"Бұл – өткен жылдың ең айтулы ғылыми жаңалығы деуге болады. Құрылғы донорлық ағзалардың өміршеңдігін 24 сағаттан астам уақыт сақтауға мүмкіндік береді", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай бірегей жобалар Қазақстан ғылымының әлеуеті жоғары екенін және елдің даму деңгейін көрсететінін айтты.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы ғылым саласында әлі де шешімін таппаған мәселелер бар екенін жеткізді. Ол наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен ғалымдармен кездесуді еске салды.

"Әсіресе, ғылымды қаржыландыру жұмысын ретке келтіріп, қатаң бақылауға алу қажеттігі туралы айттым. Басты мақсат қаржыны игеру емес, қоғамға пайдасы тиетін жобаларды жүзеге асыру болуға тиіс", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: