Жасанды интеллект бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары жарысты жалғастырады
Сурет: primeminister.kz
Бастапқыда байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам оқушы өтінім берген. Енді үздік шыққан 12 жүлдегер халықаралық кезеңде ел намысын қорғайды. Бұл кезең тамыз айында Астанада өтеді, оған 100-ден астам ел қатысады. Қазақстан атынан әрқайсысы төрт адамнан тұратын екі команда ұсынылады, деп хабарлайды "24kz".
"Халықаралық олимпиадада ең жоғары нәтижеге жету оңай болмас, бірақ соған ұмтыламын. Екі-үш жыл бұрын жасанды интеллекттің мұншалықты дамитынын білмедім. Алға қойған мақсаттарым көп, елге пайда тигізгім келеді", – деді олимпиада жеңімпаздарының бірі Дәужан Бекетов.
Белгілі болғандай, марапаттау рәсімінен кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлердің бірқатары отандық IT-компаниялардың бірінде тағылымдамадан өтуге шақырылған.
AI Olymp олимпиадасы қатарынан екінші жыл өткізіліп отыр. Бұл алаң жасанды интеллект, спорттық бағдарламалау және деректерді талдау салаларындағы дарынды оқушыларды анықтап, дамытуға арналған маңызды ұлттық платформаға айналды, делінген репортажда.
2026 жылғы 10 сәуірде Оқу-ағарту министрлігі балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш беру кестесін жариялады.