Ақтөбе әкімдігі шұғыл хабарлама жариялады: көшеде жүру қауіпті

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2026 18:00 Фото: unsplash
Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғындарға маңызды ескертумен жүгінді. Ведомство өңірде екпінді жел күтелетіндігін мәлімдеп, осыған байланысты көшеде жүру қауіпті екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 15 сәуірде қалада дауылды ескерту жарияланды.

Жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жететін шығыстан және солтүстік-шығыстан қатты жел күтіледі.

"Түрлі конструкциялардың, тіректердің және ағаш бұтақтарының құлау қаупі жоғары екенін ескере отырып, тұрғындарды барынша сақ болуға шақырамыз",- деп мәлімдеді әкімдік.

Сонымен қатар, қауіпсіздік мақсатында келесі ережелерді сақтау сұралды:

  • аса қажеттілік туындамаса, көшеге шықпау;
  • автокөліктерді ағаштар мен жарнама билбордтарының жанына қоймау;
  • электр беру желілерінің тіректері мен құрылыс нысандарының маңында ұзақ тұрмау;
  • балалардың қауіпсіздігін жіті қадағалау.

Бұған дейін Жамбыл облысында екі оқушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: