Байқоңырда "Прогресс МС-34" кемесін ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі жүргізілуде

Байқоңырда "Прогресс МС-34" кемесін ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі жүргізілуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2026 18:58 Сурет: Роскосмос
Роскосмос мамандары "Прогресс МС-34" жүк ғарыш кемесін отын компоненттерімен және сығылған газдармен толтыру жұмыстарын аяқтады. Жанармай құю станциясына жеткізілмес бұрын кеме бақылау үшін өлшеніп, теңгерімдеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, жүк кемесін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру 26 сәуірге жоспарланған.

Алдағы кезеңдерде "Прогресс" кемесі мынадай жұмыстардан өтеді:

  • өтпелі бөлікпен түйістіру;
  • соңғы тексеру (авторлық қарау);
  • бас қаптаманы (қорғаныш қаптама) орнату;
  • зымыранмен бірге толық құрастыру.

Бұған дейін Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты Ресей мен Әзірбайжанның мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: