21 сәуірде Қазақстан бойынша қандай ауа райы күтіледі
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 21 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаратқа сүйенсек, антициклон жотасының ықпалымен елдің солтүстік-шығысында, шығысында, батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Қалған аумақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Сонымен қатар:
- Жамбыл облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
- Жетісу облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін Алматыдағы Сайран көліне су жинала бастағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript