Қазақстан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия үлесін 15 пайыздан асыруды жоспарлап отыр

Мемлекет басшысы Қазақстанның энергетикалық саясаты мен "жасыл" экономикаға көшу бағытындағы жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 13:27 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қазақстанның энергетикалық саясаты мен "жасыл" экономикаға көшу бағытындағы жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, елімізде әділ және теңқұқылы энергетикалық модельге көшу негізгі басымдықтардың бірі болып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының 7 пайыздан астамы жаңартылатын энергия көздерінен өндіріледі. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 пайыздан асыру жоспарланған.

"Біз мұнай-газ қоры мол мемлекеттердің қатарында болсақ та, орнықты энергетика мақсаттарынан бас тартпаймыз", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстан әлемдік уран өндірісінің шамамен 40 пайызын қамтамасыз ететінін атап өтіп, соған қарамастан көміртексіз энергетиканы дамытуға басымдық берілетінін жеткізді.

Сонымен қатар елімізде алғашқы атом электр станциясының жобасы пысықталып жатқаны, ал жылу электр станцияларында "таза көмір" технологиясын енгізу арқылы жаңғырту жұмыстары қолға алынғаны айтылды.

Президенттің мәліметінше, осы шаралардың нәтижесінде ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға дейін қысқартылмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: