Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізді

Сайгак, сайгаки, сайга, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 13:40 Фото: wikimedia/Yakov Fedorov
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, биоалуантүрлілікті сақтау – Қазақстанның экологиялық саясатының негізгі басым бағыттарының бірі.

"Табанды еңбек нәтиже берді. Жойылу қаупі төнген ақбөкендер қайта көбейді. Қазақстандағы қар барысының саны екі есе артып, 190-ға жетті", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев халықаралық серіктестермен бірлесіп, сирек кездесетін жануарлар түрлерін, соның ішінде сұңқар, Тұран жолбарысы және Пржевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Президент орман алқаптарын ұлғайту мәселесі елдің экологиялық күн тәртібіндегі маңызды бағыттардың бірі екенін айтты. Соңғы бес жылда Қазақстанда 1,5 миллиардтан астам ағаш отырғызылып, 1 миллион гектардан аса аумақ қамтылған.

Сондай-ақ Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егу жұмыстары өзбекстандық мамандармен бірлесіп жүргізіліп жатқаны айтылды.


"Қазақстан барлық серіктестерін Сирек кездесетін жан-жануарлар түрлері мен биоалуантүрлілікті сақтау халықаралық қорына мүше болуға шақырады", – деді Президент.

Оның айтуынша, бұл алаңда мемлекетаралық деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, экожүйелерді қорғаудың тиімді шешімдері әзірленетін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: