Қазақстанда орташа жалақыны есептеу қағидаларын өзгерту ұсынылды

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2026 09:29 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда орташа жалақыны есептеу тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына түзетулер жобасын әзірледі.

Жобаға сәйкес, негізгі мақсат – құжатты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларымен сәйкестендіру.

Атап айтқанда, кодексте "диеталық (емдік және профилактикалық) арнайы өнімдер" деген тіркес "диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам өнімдері" деген тұжырыммен алмастырылған.

Осыған байланысты орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер тізбесінің 9-тармағына тиісті өзгеріс енгізу ұсынылады.

Енді орташа жалақыны есептеу кезінде есепке алынбайтын төлемдер қатарына қызметкерлерге берілетін сүттің немесе соған теңестірілген тағам өнімдерінің, сондай-ақ диеталық емдік және профилактикалық тағам өнімдерінің құны, арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдары енгізілмек. Бұл нормалар Еңбек кодексіне сәйкес қарастырылған.

Аталған жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 12 мамырға дейін көпшілік талқылауына ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: