Қазгидромет мамыр айына құрғақшылық болжамын ұсынды

Қазгидромет мамыр айына құрғақшылық болжамын ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2026 18:58 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылдың мамырына арналған құрғақшылық болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала есептеулер бойынша 2026 жылдың мамырында қалыптасқан метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, келесі өңірлерде бірқалыпты құрғақшылық жағдайлары күтіледі:

  • Ақтөбе облысының Шалқар ауданында,
  • Жамбыл облысының Қордай ауданында.
"Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары норма шамасында болады деп күтілуде",- делінген ақпаратта.

Ведомство атап өткендей, алдын ала болжам қажет болған жағдайда нақтыланатын болады.

Бұған дейін 28 сәуірде қандай ауа райы күтіп тұрғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: