Еліміздің төрт өңірінде құрғақшылық болатыны болжанады
Сурет: unsplash
Бүгін "Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы маусым айына арналған ауа райы болжамын, онда да құрғақшылыққа қатысты мәліметті жаңарта отырып, ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін гидрометеорологиялық орталық жаздың алғашқы айында Қазақстанның бірден 12 облысында құрғақшылық күтілетінін хабарлаған болатын. Ал бүгіндері нақтыланған болжамға сәйкес, маусым айында еліміздің төрт өңірінде атмосфералық құрғақшылық күтіледі:
- Ақтөбе облысында Шалқар ауданында;
- Алматы облысында Балқаш ауданында;
- Жетісу облысында Қаратал ауданында;
- Қызылорда облысында Арал және Қазалы аудандарында.
"Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың пайда болу ықтималдығы жоғары". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтіледі.
Маусым айына арналған ауа райы болжамын мына арадан оқи аласыздар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript