Үкімет мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілерге басымдық беретін жаңа қаулы қабылдады

Госзакупки, госзакуп, государственные закупки, государственный бюджет , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 09:47 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Үкіметі мемлекеттік сатып алу саласында ұлттық режимнен алып тастауға қатысты жаңа қаулы қабылдады.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік сатып алу кезінде шетелден әкелінетін бірқатар тауарларға ұлттық режим қолданылмайды.

Бұл шектеу мына салалардың өнімдеріне қатысты:

  • машина жасау;
  • химия өнеркәсібі;
  • металлургия;
  • құрылыс индустриясы;
  • жиһаз өндірісі.

Алайда бұл талап Қазақстан аумағында өндірілмейтін тауарларға қолданылмайды.

Жаңа тәртіпке сәйкес, мемлекеттік сатып алуға тек қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар ғана қатыса алады.

Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім негізінде қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың бірыңғай номенклатуралық анықтамалық кодтары көрсетілген нақты тізбесін бекіту тапсырылды.

Бұл тізім кейін мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.

Қаулы 9 мамырдан бастап күшіне енеді.

Үкіметтің мәліметінше, бұл өзгерістердің басты мақсаты – отандық өндірушілерді қолдауды күшейту және елдегі негізгі өнеркәсіп салаларын дамыту.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: