Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 30 сәуірде Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды
Сурет: pixabay
Алайда "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, елдің батысында, солтүстік-батысында, сондай-ақ оңтүстігінде және оңтүстік өңірлердің таулы аймақтарында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік-батыс пен оңтүстік-батыста бұршақ түсуі мүмкін. Ал кейбір аудандарда, әсіресе солтүстік-батыс пен оңтүстікте, желдің екпіні күшейіп, дауылды жағдайлар болуы ықтимал. Республика бойынша жел күшейіп соғып, тұман түсуі де болжанады.
Сонымен қатар түнгі уақытта Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында ауа температурасы -2 °C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Сондай-ақ елдің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады:
- өте жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында;
- жоғары өрт қаупі – Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында және Абай облысында.
Бұған дейін Қазақстанның ірі қалаларында алдағы күндері жаңбыр жауып, аптап ыстық болатындығын жазғанбыз.