Ұшақта музыкалық аспаптарды тасымалдау ережесі өзгерді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Көлік министрлігі әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің түсіндіруінше, азаматтардан түскен көптеген өтініштерге байланысты алғаш рет нормативтік деңгейде музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыра мен қобызды, ұшақ салонында қол жүгi ретінде тасымалдау құқығы бекітілді.
Мұндай аспаптар футлярда болуы тиіс және олардың өлшемі 110×35×30 см-ден, салмағы 10 кг-нан аспауы қажет.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, егер жолаушы тек музыкалық аспапты (мысалы, домбыраны) алып жүрсе, ол қол жүгi ретінде тегін тасымалданады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript