Қостанай облысында жедел жәрдем көлігі әйелді қағып кетті
Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Қостанай облысының Рудный қаласында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккен әйел қалалық травмпунктке жеткізілді. Ал жүргізуші оқиға орнында қалған. Almaty.TV дерегінше, кейін ол мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілген.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген ақпаратта.
Жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаеваның айтуынша, әйелге алғашқы көмек оқиға орнында көрсетілген, кейін ол Рудный қалалық ауруханасының травмпунктіне жеткізілген.
Бұған дейін Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші қаза тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript