Қазақстанда қыста көлік қыздыруға қойылған шектеулер өзгеруі мүмкін

Машина, машины, авто, автомобиль, автомобили, дорога, дороги, транспортное движение, дорожное движение, дорожный трафик, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 14:45 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда жүргізушілердің шағымдарына байланысты қыс мезгілінде автокөлікті қыздыруға қойылатын шектеулерді жеңілдету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ІІМ заң департаменті басшысының орынбасары Ермек Шүлден мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қаралып жатқан заң жобасы аясында автокөлікті қыста қыздыруға қатысты талаптарды жеңілдету ұсынылған. Атап айтқанда, елді мекендерде бұл шектеуді алып тастап, тек тұрғын аймақтарда ғана сақтау көзделіп отыр.

Алайда түпкілікті шешім заң жобасының екінші оқылымынан кейін қабылданады.

"Қазір қолданыстағы талап бойынша көлікті 10 минуттан артық қыздыруға болмайды деп білемін. Біз осы шектеулерді толық емес, белгілі бір бөлігінде жеңілдету мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Нақты жауапты заң жобасының екінші оқылымынан кейін бере аламыз", – деді Ермек Шүлден.

Журналистер қыс мезгілінде далада тұрған көліктерді қыздыру үшін кейде 20 минуттың өзі жеткіліксіз екенін айтқанда, ІІМ өкілі дәл осындай шағымдар негізінде заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі көтеріліп отырғанын жеткізді.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов та депутаттардың елді мекендерде қыста автокөлікті қыздыруға салынған тыйымды алып тастау жөніндегі ұсынысын министрлік қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Еске салайық, 2025 жылғы 9 қаңтарда ІІМ көлік құралы қозғалтқышы қосулы күйде 5 минуттан артық тұрып, тұрғындарға қолайсыздық тудырса, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық болып саналатынын хабарлаған.

Бұл бапқа сәйкес, алғаш рет бұзғандарға 5 АЕК, ал қайталап бұзған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: