Каспийдегі итбалықтардың қырылуы: шенеуніктер оны табиғи құбылыстармен байланыстырады

Тюлень, тюлени, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 13:55 Фото: pexels
2026 жылғы 12 мамырда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Маңғыстау облысында аққулар мен итбалықтардың қырылуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлар өңірде бұған дейін де тіркеліп келген.

"Бұл табиғи құбылыстармен байланысты болуы мүмкін, оның ішінде жер сілкінісі кезінде табиғи газдың бөлінуі де кездеседі. Көбіне өлекселерді біз кейін, су толқындары жағаға шығарып тастаған соң, ыдыраған күйде табамыз. Тиісті сынамалар алынып, зерттеу жүргізіледі – ешқандай жұқпалы ауру анықталған жоқ. Бұл жағдай бойынша да сынамалар алынды, зертханалық тексеру жүріп жатыр, нәтижесі кейін жарияланады", – деді ол.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің айтуынша, су сынамаларын зерттеу барысында зиянды заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерден асқаны анықталмаған.

Айта кетейік, 2026 жылғы 8 мамырда Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауынан өлі итбалықтар табылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: