Астанада екі деңгейлі LRT станциясын салу жоспарланып отыр

Астанада екі деңгейлі LRT станциясын салу жоспарланып отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 19:22 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев Астанада не үшін екі деңгейлі LRT станциясын салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикердің айтуынша, "Семь бочек" тұрғын үй кешені маңында екі деңгейлі LRT станциясын салу көзделген.

Оның сөзінше, бұл станция ауысып мінетін бекет болады және жолаушыларға бағыттарды желілер қиылыспай-ақ ауыстыруға мүмкіндік береді.

"Мысалы, ескі вокзалдан Қосшыға бара жатсаңыз, осы станцияда басқа пойызға ауысуыңыз қажет болады. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Біз барлық бағытты бір желіге біріктіре алмаймыз, өйткені желілер бір-біріне кедергі келтіреді. Қазір нақты қандай маршруттық желі болатынын айта алмаймын. Әзірге бізде тек бір ғана бағыт қарастырылған – әуежайдан жаңа вокзалға дейін. Болашақта шетелдегідей желілер қиылысқан кезде бөлек тармақтар мен маршрут нөмірлері пайда болады. Олар бір-біріне кедергі келтірмеуі үшін бір желі төменгі деңгейде, екіншісі жоғарғы деңгейде орналасады. Бұл жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалады", – деді Дүйсебаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: