Астанада екі деңгейлі жолдың құрылысы қашан басталуы мүмкін
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев 2026 жылғы 15 мамырда Үкімет кулуарында елордада екі деңгейлі жол салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ерсін Өтебаевтың айтуынша, қала билігі Астанада екі деңгейлі жол салу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
"Қазір эскиздік жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әртүрлі нұсқалар қарастырылуда – жер үсті және жер асты жол айрықтары болуы мүмкін. Дегенмен бұл кезеңде нақты шешім қабылданған жоқ. Жұмыстар жүріп жатыр, бірақ мұндай екі деңгейлі жол, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қала үшін, әсіресе елорда үшін қажет", – деді ол.
Алдын ала жоспар бойынша, мұндай жолды Қабанбай батыр даңғылы бойында салу көзделіп отыр.
"Қанша қаражат қажет болатыны әлі нақты есептелген жоқ. Нақты бір көзқарас қалыптасқан кезде қосымша хабарлаймыз. Мерзімін де нақты айту қиын, себебі қала тез өсіп жатыр және қатар жүзеге асуы тиіс көптеген жобалар бар. Биыл жылдың соңына дейін жоба дайын болмайды. Жоба тек 2027 жылдың ортасына қарай ғана дайын болуы мүмкін", – деді әкім орынбасары.
Бұған дейін жазғанымыздай, Астанаға Италиядан Леонардо да Винчи жайлы көрме экспонаттары әкелінді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript