Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған маңызды құжатқа - мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасынан белгілі болды.
"Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды".
Сондай-ақ, екі елдің ресми делегация мүшелері мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі құжаттармен алмасты:
- 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды құру, аталған мәдени орталықтардың жұмыс істеуі және қызметі туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен TAV Holding компаниясы арасындағы инвестициялық келісім;
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы "Абай-Акиф" бірлескен бағдарламасын құру ниеті туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасында "Маариф" Түрік қорының екі мектебін ашу ниеті туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Түркия Телерадио корпорациясы (ТРТ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Аурухана құрылысын қаржыландыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;
- "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай сервисі қызметтерін көрсету мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
- "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай-газ жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Ыстанбұл қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- "АНКА" ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін және оларға сервистік қызмет көрсететін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
Сонымен қатар Түркия Президентінің мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстандық халықаралық даму агенттігі (KazAID) мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) арасындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange Ltd.) мен "Ыстанбұл қор биржасы" акционерлік қоғамы (Borsa Istanbul Anonim Şirketi) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Бұған дейін жазғанымыздай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 14 мамырда елімізге ресми сапармен келген Түркия президентін Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәртебелі орденмен марапаттады. Режеп Тайип Ердоған – бұл орденнің тұңғыш иегері.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript