+35 градусқа дейінгі аптап ыстық пен жауын-шашын: Қазақстан бойынша 19–21 мамырға арналған ауа райы болжамы

+35 градусқа дейінгі аптап ыстық пен жауын-шашын: Қазақстан бойынша 19–21 мамырға арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2026 14:56 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан бойынша 2026 жылғы 19–21 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпарға сүйенсек, ел бойынша әртүрлі ауа райы күтіледі.

"Кезеңнің басында антициклон жотасы республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жылы әрі ашық ауа райын сақтайды. Ал батыс және оңтүстік облыстар бұрынғыдай оңтүстік циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Қатты жауын-шашын келесі аймақтарда болуы мүмкін:

  • 19 және 21 мамырда Қызылорда мен Түркістан облыстарында,
  • 19–21 мамыр аралығында Жамбыл облысында.
"Температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Ауа температурасы батыс пен оңтүстікте +27…+35 градусқа дейін, шығыста +20…+28 градусқа дейін көтеріледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Болжамға сүйенсек, 20–21 мамыр күндері солтүстік циклонның әсерінен елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Осы күндері қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады.

Сонымен қатар, 21 мамырда ауа райының төмендеуі күтіледі:

  • күндіз Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы +10…+18 градусқа дейін,
  • елдің орталығында +15…+23 градусқа дейін.

Бұған дейін Экология министрлігі құрғақшылық қаупі жоғары өңірлерді атағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: