Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі, сан салалы кезеңі ретінде қарастырады - президент

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 14:45 Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Алтын Орда тарихына әлемдік жылнаманың күрделі әрі көпқырлы кезеңі ретінде қарайтынын мәлімдеді.

Президенттің сөзінше, тарихи оқиғаларды үстірт бағалау әлемдік тарихтағы маңызды құбылыстарға қатысты көзқарастың бұрмалануына әкелуі мүмкін.

"Өйткені бұған атүсті қарауға болмайды. Олай болған жағдайда әлемдік тарихтағы осындай бірегей құбылысқа қатысты ұстаным өзгереді. Ал ол мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіруі мүмкін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі таңда әлемдік маңызы бар тарихи оқиғаларды бұрмалау деректері кездесетінін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі құбылмалы геосаяси жағдайда соғыстар тарихына байланып қалмай, адамзат өркениетіндегі жасампаз кезеңдер мен нәтижелі диалогтарға назар аудару маңызды.

"Геосаяси ахуал құбылып тұрған бүгінгідей заманда соғыстардың қасіретті хронологиясына байланып қалмай, адамзат тарихындағы жасампаз кезеңдер мен диалог алаңдарының нәтижелі сәттеріне мән берген жөн", – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта қарулы қақтығыстардың көп суреттелуінің өзіндік себебі бар екенін айтты. Бұл ретте ол Лев Толстойдың әйгілі Соғыс және бейбітшілік романын мысалға келтірді.

"Мұндай көріністің қалыптасуы да түсінікті: бейбіт күндегі күйбең тіршілікті сипаттағаннан гөрі қан майдандағы бітіспес ұрыстарды жазған әлдеқайда жеңіл", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, қазіргі таңда әлемдік қауымдастық тарихи жолайрықта тұр. Сондықтан өркениетті таңдау кезеңінде ортақ тарихты халықтарды жақындастыратын фактор ретінде таныту үшін кәсіби ғалымдардың күш-жігерін біріктіру қажет.


"Ортақ тарихымызды халықтарды біріктіретін фактор ретінде ұсыну үшін беделді, кәсіби ғалымдардың күшін бір арнаға тоғыстырған дұрыс", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: