Тоқаев Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмені тамашалады
Сурет: akorda.kz
Президентке Алтын Орда дәуіріне қатысты бірегей деректерді қамтитын интерактивті жобалар таныстырылды.
Көрме аясында 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта көрсетілді. Оның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама беріліп, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация ұсынылды.
Экспозициядағы маңызды жәдігерлердің бірі – билеушілер мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық деректерді қамтитын Хандар шежіресі қолжазбасы.
Сондай-ақ көрмеде Каталон атласы, тарихи жазба деректер, теңгелер мен тұрмыстық бұйымдар қойылған.
Жазба мұралар қатарында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат және 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған.
Көрменің басты мақсаты – Алтын Орда мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.




