Президент "Таза Қазақстан" экофестиваліне арналған көрмені тамашалады
Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 21 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев көрме экспозицияларын аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, мұнда қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары қойылған.

Сурет: akorda.kz
Өз кезегінде Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары Нұрбақыт Ермекұлы мен Айзат Ержанқызы Президентке Есіл өзенін тазалап, сақтауға қатысты жобаларын таныстырды.

Сурет: akorda.kz
Бұған дейін Мемлекет басшысының Астанадағы саябақтардың біріне ағаш еккендігі жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript