Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды

Ярмарка, ремесло, ремесленники, орнамент, ювелирные изделия, национальные украшения, национальный стиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 15:33 Фото: Zakon.kz
Астанада бүгін, 2026 жылғы 19 мамырда "Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік" атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр. Онда мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша бірқатар мәлімдесе жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда жазды.

"Мен жақында Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Дала өркениетін дәріптеуге арналған арнайы орталық құруды ұсындым. Сонымен қатар Алтын Орда мәселесін зерделеп жүрген шетел мамандарын жұмылдырып, баспа саласына қатысты іргелі бастамаларды қолға алу қажет. Креативті индустрия және медиа бағытындағы түрлі жобалар, ең алдымен, академиялық зерттеулерге арқа сүйеуі керек,- деді президент.

Сонымен қатар, жаһандану, жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде көшпенділік, яғни, номадизм тұжырымдамасы туралы жаңаша көзқарас қалыптастыру – өте маңызды екені айтылды.

"Бүгінде бұл ұғымның сипатын "цифрлық көшпенділердің" жасампаз рухы мен сарқылмас күш-қуатынан айқын көруге болады. Әділдік, ашықтық және мәдениеттер диалогі – Дала өркениетіне арқау болған құндылықтар. Осы мемлекеттілік дәстүрін жан-жақты зерттеу бүкіл Орталық Еуразияның ұзақ мерзімді дамуына ықпал етері сөзсіз. Қазір бұл аймақ жаңа сипаттағы қайта өрлеу, яғни, ренессанс кезеңіне қадам басты деп айтуға болады".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін президент "Тарихты жеңімпаздар жазады" деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: